|
16.01.2018 | 10:25
1596

Қазақстанда мәйітханалар саны жетіспейді

Қазақстанда мәйітханалар саны жетіспейді. Мәжілісте Қазақстандағы сот - медицина жүйесі талқыланды. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың айтуынша, кейбір өңірлердің тұрғындары, сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін қайтыс болған жақындарының мүрдесін - 500 шақырым қашықтықта орналасқан мәйітханаларға тасуға мәжбүр. «Бұндай қолайсыздық қылмыстық істерді дер кезінде аяқтауға кедергі келтіреді», - дейді депутат.

«Астана халқының саны 5 есеге ұлғайды, ал мәйітханалары сол баяғы деңгейде қалды. Алматы да осындай жағдай. Премьер-министрдің тапсырмасы орындалған жоқ. Қаржы министрлігі замануи мүрдеханалардың құрылысына ақша бөлмейді. Жергілікті билік пен ведомство басшылары бір-біріне көз тастағанмен, мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ», - деді ҚР Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир БОЖКО.

Үкіметтік сағатта сот-медициналық жүйесінің олқылықтары туралы Әділет министрі Марат Бекетаев та сөз қозғады. Ведомство басшысы еліміздің сот сарапшыларының жұмыстары ауыр әрі тым қауырт екенін жасырмады. «Осының өзі сот сараптамасының ұзаққа созылатынына себеп», - деді.  Дегенмен «министрлік осындай ұзаққа созылған сот сараптамаларының алдын алу үшін барлық жағдайды жасап жатыр», - деді Бекетаев. 

«Өткен жылы сот сараптама орталықтарына 190 мыңнан артық материал түскен.  Олардың 300-ден астамы қателікпен жүргізілгені анықталды. Көрсеткіш аз сияқты. Бірақ, бұл 300 сараптамада біреудің тағдыры, жақындарының жан айқайы жатыр», - деді   ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир