|
12.09.2018 | 11:20
1725

Қазақстанда оқулықтардың бағасы қымбаттады

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде оқу және анықтамалық әдебиеттердің бағасы 6,4 пайызға өскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқу-анықтамалық әдебиеттер қыркүйек айына қарай 6,4 пайызға қымбаттап, орташа есеппен алған 1,3 мың теңгеге дейін бағасы көтеріліп кеткен. 

2018-2019 оқу жылы қарсаңында 12 миллионнан аса оқулық сатылды: 3,6 және 8-сынып оқушылары үшін. ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәліметіне қарағанда, осы сыныптарда 906 мың оқушы оқиды. 

Бүгінде республика бойынша оқулықтардың 92,5 пайызы өңірлерге жеткізілді. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қалаларына оқулықтар 100 пайыз жеткізілді.

Бірақ сарапшылардың сөзіне қарағанда, кейбір өңірлерде оқулықтар толықтай жеткізілмеді: Ақмоладағы 6 ауданға, Қостанайдағы 3 ауданға, Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ауданға, Қызылорда облысындағы бір ауданға оқулықтарды жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан олар өз беттерінше жеткізіп алуы тиіс.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

кітап оқулық
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир