|
18.05.2018 | 15:27
902

Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан тарихта алғаш рет хоккейден ерлер командалары арасындағы әлем чемпионатының А дивизионын қабылдайды. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайты жазды. 

Кеше, яғни 17 мамыр күні Халықаралық хоккей федерациясының конгресі (IIHF)  жыл сайынғы съезі басталған болатын. Онда хоккейден ерлер командалары арасындағы әлем чемпионатының А дивизионын өткізу мәртебесі Қазақстан мен Словения Хоккей федерациясына ұсынылды.

Бүгін, 18 мамырда IIHF Конгресіне қатысушы елдер дауыс беріп, нәтижесінде Қазақстан жарысты өткізу мәртебесіне ие болды. Енді, аталған дода Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін болады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2019 жылы 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған. 




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир