|
13.04.2018 | 19:15
4168

Қазақстанның киелі жерлері кеңінен насихатталмақ

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында бір жыл ішінде 400 рухани маңызды аймақ тізімге алынған. Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы заманауи биікке көтеруге сеп болатын алты жобаны ұсынған. Соның төртіншісі - Қазақстанның киелі жерлерін халыққа кеңінен танытып, құндылықтарын асқақтатуға арналған. Жобаның бірінші кезеңі - қасиетті жерлерді іздеу, белгілеу жұмыстары толықтай аяқталды. Алда екінші кезең - 400 орынды азаматтарға толығынан насихаттап, туризм саласының бірден-бір ошағына айналдыру. Жоба жайында осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы Астанадан тікелей қосылымда айтып беруге дайын. Берік Әбдіғалиұлы қайырлы кеш?

-Бір жылда «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасының аясында қандай жұмыстар аяқталды?

- Біз 1 жылда атқарылған жұмыс – бірінші кезең. Ең басты мақсатымыз – қасиетті жерлердің тізімін анықтау болатын. Ол үшін бүкіл аймақтардағы, өңірлердегі арнайы комиссия құрылып, сол жердегі өлкетанушылар мен ғалымдарды шақырып, зиялы қауыммен ақылдасып, алғашқы Қазақстандағы үлкен, бүкіл республика бойынша қасиетті жерлердің тізімін анықтадық. Бүгінгі кезде жалпы ұлттық деңгейдегі 400-ден астам қасиетті жерлердің тізімі анықталды. Оған негіз болған, әрине, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі жерлер, тағзым етіп жүрген. Екінші - зерттеулердің негізінде табылып жатқан, әсіресе, тарихшыларды, географтардың, әдебиетшілердің еңбектерінен табылып жатқан қасиетті жерлер. Үшінші - бүгінгі кездің біздің қоғамымыздағы мемлекетіміздің, ұлтымыздың дамуындағы елеулі орын алатын жерлердің тізімі анықталды.

-Жалпы қанша және қандай киелі орындарды тізімге алдыңыздар? Әлі тізімге енбеген жерлер бар ма?

-Еліміздің бүкіл тарихи кезеңін қамтитын жерлерді қосып отырмыз. Тас, қола дәуірінен бүгінгі күнгі жерлерді де қосып отырмыз. Мысалы, Алматы облысындағы Таңбалытас деген жер ата-бабаларымыздың қасиетті жерлері. Бүгінгі күні туристердің көпшілігі баратын, әлемде қайталанбас тас суреттері бар. Сол сияқты әрбір кезеңдер, мына Орбұлақ шайқасы, Аңырақай шайқасына, біздің табиғи жерлеріміз бар, сонымен қатар, қазіргі заманда өзекті, мемлекетіміз, ұлтымыздың дамуында елеулі орын алатын жерлеріміз бар. Мысалы, Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі. Жалпы Республика алаңы. Желтоқсан көтерілісіне арналған ескерткіш.Сонымен қатар, Астана алаңындағы қазіргі КБТУ, кезіндегі Жоғарғы кеңестің ғимараты, сол жердегі тәуелсіздің декларациясына қол қойылған ғимарат та біз үшін өте қасиетті. Жоғары кеңестің сессиясы болған зал музей болса деген тілегіміз бар. Қонаққа келген адамдар осындай қасиетті жерлерді аралап, біздің тарихымызды білсе деген бұл да бір «Рухани жаңғырудың» талабы.

-Бірінші кезең, киелі орындарды тізімге енгізу аяқталды. Ендігі жоспар қандай? Оны жөндеу, жасау деген сияқты жоспар бар ма?

-Екінші кезеңде біздің негізі жұмыс - осы анықталған қасиетті жерлерді насихаттау. Ол үшін әрине, ең біріншіден, сол жерлер туралы зерттеулер, жазылатын еңбектер, кітаптар, фотоальбомдар, роликтер, кинороликтер шығарып,халыққа кеңінен насихатталады, таратылады, айтылады.Сонымен қатар, ең бастысы – бізге қасиетті жерлерге арнайы туристік маршрут анықтау.

Біздің ата-бабамыз бұрыннан бері қасиетті жерлерге барып,түнеп, тағзым етіп жүрген дәстүріміз бар. Бірақ сонымен қоса, басқа да жерлерді анықтап, сол жерлерге, әсіресе, жастар барып,тағзым етіп, сол жердің тарихын білу, өзіміздің дәстүрімізді сақтап, елдің тарихын білген сайын біздің елге деген, жерге деген сүйіспеншілік артады.Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын соның ішінде киелі жерлерді анықтау бағдарламасының басты мақсаты – рухани құндылықтар. Рухани құндылықтарды бүгінгі күндері өкінішке орай, көп жерлерде ұмытылып келе жатыр. Материалдық құндылыққа көбірек мән береміз, сондықтан осы рухани құндылықтарды, елге деген сүйіспеншілік, дәстүрімізге, үлкенге деген құрмет, ата-бабамызға деген құрмет, жерімізге деген құрмет, соның бәрін анықтай білсек, еліміздің болашағы баянды болады.

-Берік Әбіғалиұлы байланысқа шыққаныңызға рахмет.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир