|
04.12.2017 | 17:10
1188

Кедендік бекеттердегі талап кәсіпкерлер жұмысын жеңілдетпек

Кедендік бекеттердегі талап кәсіпкерлер жұмысын жеңілдетпек. Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Кедендік кодексті бекітті. Қабылданған заң бойынша, егер қандай да бір жағдайлармен азаматтар кедендік салықты дер кезінде өтей алмаса, онда мемлекет бір ай көлемінде төлеуге уақыт бермек. Кей тұстарда мерзім тіпті 6 айға дейін созылуы мүмкін. Айта кеткен жөн, қабылданған құжатта электрондық декларацияға басымдық беріледі.

«Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында одақтың Кедендік кодексінде кедендік операцияларды оңтайландыру  бойынша бірқатар нормалар көзделген. Қолданыстағы заңнамада кедендік транзитті 24 сағат ішінде аяқтай көзделген. Ал жаңа кодексте жұмыс уақытын 4 сағаты бөлінген. Екі және одан көп түрлі көлікпен тасылмалдау кезінде транзитті рәсімдеудің белгілі бір қиындықтары болған көліктің әр түріне жеке транзиттік деклария рәсімделген», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир