|
25.12.2017 | 17:29
1378

Көлік терезесін жуатын сұйықтықтан адам денсаулығына қауіпті қоспа анықталды

Алматы базарларында сатылатын көлік терезесін жуатын сұйықтықтан адам денсаулығына қауіпті қоспа анықталды. Мамандар сауда орындарының бірінде тексерілген 4 сұйықтықтың үшеуінен метанол тапқан. Оның арасында отандық және шетелдік өндірушілердің өнімдері бар. Қоғамдық Денсаулық қорғау департаменті тауардың бұл түрін айналымнан алып тастау туралы қаулы шығарды. Себебі аязды күндері мұндай сұйықтыққа сұраныс арта түсетінін алға тартуда. Тұрғындарға тауарды сатып аларда оның қауіпсіз екендігін растайтын құжат сұрау қажеттігін ескертті.

«Метанол өте қауіпті у. Ол адам денсаулығына қауіпті. Ағзаға түссе, адамның негізгі мүшелерін зақымдайды. Сондықтан сараптама нәтижесіне сай, бұл өнімдердің сатылуына тыйым салу керектігі туралы қаулы шығарылды. Тұтынушыларға ескертеміз, тауарды сатып аларда міндетті түрде тауардың қауіпсіз екендігін растайтын құжаттарды сұраған дұрыс», - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Мұрат БІРЖАНОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир