|
21.04.2018 | 12:26
1376

Қостанай облысында 15 жасар қыз «сифилис» жұқтырған


ЖИТС індеті дендеп барады. Әсіресе Қостанай облысында бұл ауруға шалдыққандардың саны биыл 60 адамға жеткен. Оған қоса, жыныстық қатынас арқылы жұғатын өзге де инфекцияны емдеп, әлекке түскендер көп. Бұл мәселені  облыстық денсаулық сақтау басқармасы қалай  шешпек?

ВИЧ-инфекциясы Қостанай облысының барлық аудандарында дендеп барады. Өткен жылдың 3 айында 20 жағдай орын алған. Ал биылдыққа бұл көрсеткіш үш есеге артқан. Басым бөлігі- Қостанай, Рудный және  Лисаковск қалаларында, сондай-ақ Меңдіқара мен  Қарабалық аудандарында тіркелген. Онда тек ВИЧ індеті ғана емес, жыныстық қатынас арқылы жұғатын өзге де инфекцияны жұқтырғандар бар.

«Жағдай өршіп тұр. Жетіқара ауданыда 15 жасар қыздың «сифилис» ауруына шалдыққандығы анықталды. Биылдыққа бірінші рет  көрсеткішті дұрыс орындай алмадық», - деді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркен ДӘУІТБАЕВ.

Облыстық СПИД орталығының мәліметінше, бұған дейін шприц пен контрацепция құралдарымен тегін қамтамасыз ету- СПИД-пен күрес ғаламдық қордың мойнында болатын. Оған қоса, жаңа синтетикалық есірткінің пайда болуы жағдайды одан әрі ушықтырып жіберген. Ақ халаттылар енді психостимуляторлық және галлюциногендік әсер беретін есірткімен күрестің басталғандығын алға тартады.

«Ғаламдық қор қаржылық көмекті 2017 жылдың желтоқсан айынан бері тоқтатты. Яғни, профилактикалық жұмыстарға бағытталған қаражат мүлдем қарастырылмайды. Оның ішіне, есірткіні инъекциялық түрде қолданатындар да кіреді», - деді Қостанай облысы СПИД орталығы эпидемиологиялық бөлімшенің меңгерушісіНаталья ЛАВРЕНКО.

Дәріргерлер әрбір тұрғынның кез келген емханаға барып  тексерістен өтуін сұрайды. Бір жылда екі рет ВИЧ-инфекциясына қан тапсыруға әбден болатындығын да ескертуде. Ал оның қорытындысын жеке тұлғаның өзі ғана алуына рұқсат беріледі. Әзірге, облыстық СПИД орталығы денсаулық сақтау басқарамсының  қаржылық көмек көрсетуін сұрап отыр. Орталықтағы мамандарының сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы  тікелей прафилактикалық бағдарламаға бөлінетін қаражатқа байланысты екен. 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир