|
21.03.2018 | 17:36
2517

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды  Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Президент Астанадағы ЭКСПО қалашығындағы Конгресс орталығында мейрам күніне орай ұйымдастырылған «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» атты жаңа мюзиклды тамашалады. Аңыз-әпсана арқылы Наурыз мейрамының мән-маңызын жаңа қырынан көрсетіп, ұлттық құндылықтарды тың жанрмен жеткізетін қойылымға Елбасы жоғары баға беріп, халқына өз тілегін де жеткізді.

«Құрметті отандастар, келе жатқан көктем мен жақсылықтың мерекесі - Наурыз мейрамы барша қазақстандықтарға құтты болсын! Бұл - ұзын қыстан кейін, аяз бен бораннан кейін асыға күтетін мерекеміз. Менің Жарлығыммен, Наурызды үш күн тойлайтын боламыз. Бағзы заманнан келе жатқан мереке Тәуелсіздікпен бірге қайта оралды. Мінеки, Тәуелсіздікті алғалы бері осы Наурызды атап келе жатырмыз. Түбінде бұл біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады. 1 қаңтарды I Петр Батыс Еуропадан алып келген еді. Оны да тойлаймыз. Бірақ біздің негізгі мерекеміз - күн мен түннің теңелетін, табиғаттың барлығы оянатын кез» ,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир