|
29.05.2018 | 10:39
1334

ҚР СІМ Қытайда ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткен жиында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған  этникалық қазақтарды босатуды сұрады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады. Бейжіңде өткен кезекті отырыста тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастық және екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Қазақстандық тарап Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істеріне объективті және әділ қарап, оларды босатуын сұрады. Сондай-ақ қос тарап Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешуге уағдаласты. Сонымен қатар, жиын барысында елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды. Айта кетейік, «Қытай билігі қысым көрсетіп жатыр» деген қандастар еліміз Үкіметіне бірнеше мәрте хат жолдаған.  Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жағдайдың бақылауда екенін айтып, «қысым көргендердің туысқандарымен байланыстамыз» деп жауап берген еді журналистер сұрағына.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир