|
31.07.2018 | 16:34
1459

Қырғызстандағы мерт болған адам Қазақстан ғалымы болып шықты

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қырғызстанда таудан құлаған тас көшкінінен зардап шеккендер Қазақстанның қай өңірлерінен екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаза болған азамат Алматы тұрғыны» деп нақтылады министрдің орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, зардап шеккен тағы екі адам да Алматыдан болса, үшіншісі Өскемен қаласының тұрғыны.

«Ол (қаза болған азамат) 1976 жылы туған. Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттарының бірінде жұмыс істеген. Қазір оның денесі Алматыға жеткізілді», – деді Ю. Ильин.

Белгілі болғандай, 30 шілде күні сағат 18:00 кезінде Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне Скрябин мұздығында тас көшкіні болғанын, соның салдарынан  туристер тобы зардап шеккеніні туралы хабарлаған еді. Осыған байланысты оларға көмек көрсету үшін әуе көлігін жіберу туралы сұраған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 31 шілдеде сағат 6:58-де ТЖК Республикалық жедел- құтқару жасағының құтқарушылары Қырғызстан Республикасына Қазавиақұтқару тікұшағымен Скрябин мұздығы ауданына ұшып шықты.  9 адамнан, соның ішінде екі кинологиялық  топтан құралған жедел топ Алматыдан МИ-171и тікұшағымен аттанды.

Құтқару барысында мұздықтан Ресейдің үш азаматы мен Қазақстанның үш азаматы, сондай-ақ қаза болған бір қазақстандық шығарылды.

Атап айтқанда, сағат 12:08-де Қазавиақұтқару тікұшағы зардап шеккендермен бірге «Манас» әуежайынан шығып, сағат 13:23-те Алматы әуежайына келіп қонды.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер тас көшкініне тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі бір қазақстандықтың мерт болғанын растады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир