|
08.02.2018 | 09:14
1916

Мәулен Әшімбаев депутаттық қызметтен босатылды

Мәулен Әшімбаев депутаттық қызметтен босатылды. Бүгін оның әріптестері мерзімінен бұрын босатуға дауыс берді. Төменгі палатының төрағасы Нұрлан Нығматулин өз кезегінде атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

«Құрметті Мәулен Сағатханұлы! Сізге осы парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін алғысымызды білдереміз! Сіз әрқашанда өзіңізге жүктелген жұмыстарды үлкен абыроймен атқарып келесіз. Алдағы уақытта да өте жауапты партиялық қызметте Сізге зор табыстар тілейміз», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы  Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Партиялық қызметке ауысқан экс-депутат өз кезінде бүкіл қызметтестеріне жылы лебізін жеткізді. Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Мәжіліс депутаты  Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Ал, оған дейін осы қызметті атқарған Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болды.

«Жұмыс қызықты болды бір жағынан. Екінші – жағынан мәжілістегі жұмыс мен үшін үлкен кәсіби мектеп, өмірлік мектеп болды деп айтуға толық негіз бар. Енді Елбасы осы партиядағы лауазымға тағайындады. Мен үшін үлкен жауапкершілік. Елбасының сенімін ақтауға бар күшімді слатын боламын», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир