|
26.12.2017 | 16:55
1478

Мемлекет басшысы еліміздегі БАҚ өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Жыл қортындысы бойынша берген сұхбатында, Елбасы еңбек миграциясы, «Жасыл» экономика қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне тоқталды. Қазақстан Президенті Астанада өткен «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, журналистерге бұл іс-шара ел экономикасына оң әсер еткенін айтты. Сонымен қатар, қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығына тоқтала келе, «100 жаңа есім» жобасын іске асырудың нәтижелерін ортаға салды.  

«Экономика жағынан жасаған шаруаларымыз өздеріңізге белгілі. Осы 26 жылдың ішінде Қазақстан аяғынан тік тұрып, елдің жағдайын түзетті. Бұрынғы советтік жүйеден біз заманауи қазіргі жүйеге көштік. Либералді саясатты жүргізіп келе жатырмыз. Алдымызда үлкен мақсатта бар. 2050 жылы 30 елдің озған еліне ену. Сол үшін тек экономика , саясатпен ғана қала алмаймыз. Рухы мықты ел қандай жағдайға да төтеп береді», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Кездесу
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир