|
05.07.2018 | 21:07
1657

Мереке күндері "Алматы" телеарнасынан көретіндеріңіз

«Алматы» телеарнасы демалыс күндері болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 


Тағдырларды тоғыстырған бас қала. Бар қазақтың мақтанышы – Астана. Ел жүрегі – Елорда. Мереке күніне орай біздің ұжым жасаған арнайы репортажды жұма, 6 шілде күні сағат 19.40-та көріңіздер!

Мақсаты айқын, Елбасының еңбек жолы мен шаңырақ көтеріп, баянды болашаққа басқан алғашқы қадамы жайындағы «Елбасы жолы: Теміртау» киноэпопеясы сенбі, 7 шілде сағат 15.50-де. 

Күйеу болу оңай, күйеу бала болу қиын ба? Алғашқы таныстық, алғашқы жүздесу... Құданы құдай қосады. Алайда, құдаңыз қылмыскер болып шықса, сіз қайтер едіңіз? Қалжыңы жарасқандар. «Бажалар» комедиясы дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 15.30-да.

Сәбидің жанындай таза, жігіттің арманындай асқақ, бабалар өсиетіндей мәңгілік. «Балалық шағымның аспаны» атты Елбасы жайында кинотуынды. Жұма, 6 шілде сағат 22.00-де.

Болаттай берік, ерік-жігері мықты. Бір елмен тағдырлас, бір ердің студенттік шағы. «Елбасы: От өзен» фильмін сенбі, 7 шілде күні сағат 14.00-де.


Ұлттық домбыра күнін алматылықтар ерекше тойлауда. Қазақстандық үздік футбол командаларының кездесуі тартысты ойын, жанкүйерлердің сенімі. Астана күніне үрмелі аспапта ойнайтын өнерпаздардың тартуы. Елордамыз Астанаға 20 жыл. Алматылықтардың ақ тілегі. Бұл жастардың қаласы. Бағдарламаны жексенбі, 8 шілде күні сағат 12.35-те көріңіздер!


Жаңа бастама, жаңа міндет. Жаңа жоспар, жаңа белес. Ол нағыз партком хатшысы. «Елбасы жолы: Тығырықтан жол тапқан» фильмі жексенбі, 8 шілде сағат 14.30-да. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

кино
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир