|
11.06.2018 | 12:57
1996

Мың түннен де артық - Қадір түні

Sputnik. Әлемнің барша мұсылманы маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні ұйықтамай, Жаратушыға сыйынумен өткізеді. Қадір түні немесе Лайлатуль-кадр жыл сайын қасиетті Рамазан айында болады.

Мұсылмандардың діни сенімі бойынша, бұл түні Жебірейіл періште жерге түсіп, Мұхамед пайғамбарға Құран кітабының алғашқы жолдары жіберілген, сол себепті мың түннен де артық – Қадір түні деп дәріптеледі.

Әдетте, Ляйлятуль-кадр түні қаза етілген намаздар оқылып, Қасиетті Құран кітабы оқылады, өткен күн мен айлардың қателіктері сараланады, өкпе-реніш кешіріліп, келешекке жоспар құрылады. Қасиетті Қадір түні оқылған намаз мың ай немесе 83 жыл оқыған намазбен тең.

Мешіт имамдарының кеңесіне сүйенсек, бұл күні түс кезінде ептеп көз шырымын алып, ауызашар кезінде тойып тамақ ішпеген жөн. Қасиетті түні дұғалардың қысқа тізімін әзірлеген жөн.

Бұдан бөлек, бірнеше шектеулерді сақтау қажет. Ішімдік ішуден бас тартып, Қадір түнін ойын-сауық орындарында емес, үйде немесе мешітте өткізген абзал. Өсек айтып, ғайбат сөйлеуге, ұрысуға болмайды. Көңіл көтеретін фильмдер мен бағдарламалар көрмей, тыныштықта отырып, маңызды жайттарды ойлану керек.

Астана мұсылмандары Қадір түнін елордамыздағы тоғыз мешітте өткізе алады. Мешітке барғысы келмесе немесе мүмкіндігі болмаса, үйде қарсы алуға да болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир