|
13.08.2018 | 15:14
1714

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан және Иран елдерінің президенттерімен кездесті

Ақтаудағы саммиттен кейін Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Қос ел басшысы батыстағы басқосу қорытындысын талқылай келе, Елбасыға маңызды шараға шақырғаны үшін алғысын білдірді. Тараптар осы айдың соңында Түрікменстанда өтетін Арал теңізі проблемаларына арналған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерін қарады.

«Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар», – деді Түркменстан президенті Гурбангулы БЕРДІМҰХАМЕДОВ.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының басшысы Хасан Руханимен де кездесті. Мемлекет басшысы 2016 жылғы Иранға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы достық пен бауырластықты арттырғанын айтты.

«Сізбен кездескеніме қуаныштымын. Саммитте оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенемін. Елдеріміз географиялық жағынан ғана емес, сондай-ақ басқа да аспектілер бойынша жақын. Сондықтан біздің мүдделеріміз де ортақ», – деді Иран Ислам Республикасының президенті Хасан РУХАНИ.

Суреттер / © akorda.kz

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Кездесу саммит
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир