|
18.04.2018 | 19:45
1182

Нығматулин бюжеттен қосымша қаражат бөлуді сұраған Білім министрін сынға алды

Мәжіліс төрағасы мемлекеттік органдардың миллиардтаған бюджетін тексеруге ұсыныс тастады. Бұл бүгін Мәжіліс отырысында айтылды. 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқыға алған халық қалаулылары Білім министрін сынға алды.Әрі, әлеуметтік зерттеулерге сұрап отырған қаржы тым көп екенін ескертті.

Кеше министрлер кабинеті басшысына есеп берген шенділер бүгін халық қалаулылары алдына шықты. Нұрлан Нығматулин Білім министрін сыбап тастады. 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте көрсеткен қаржыға баса назар аударды. Әрі, әлеуметтік зерттеулерге тым көп қаржы сұралып отырғанын тілге тиек етіп, оған күмән келтірді. Есеп комитеті мемлекеттік бюджеттің қаншалықты тиесілі орындалып отырғанына есеп беру керек деді. Бұдан бөлек, бұл мәселені вице-премьерге бақылауға алуын сұрады.

«Әлеуметтік зерттеулер мен консалтингтік қызметтер жұмысын тәртіпке келтіру қажет. 2018 жылғы бюджетте әлеуметтік зерттеулер жүргізуге 17 мемлекеттік органға 7,2 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бүгінгі құжатта да қосымша 3,3 млрд теңге қажет екені көрсетіліп отыр. Бізде не, әлеуметтік зерттеу саласында төтенше жағдай орын алып отыр ма?», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

«Қажетті тапсырмалар берілді. Құжаттар Мәжіліс пен Сенатқа тапсырылды. Биыл жұмысты ерте бастаймыз. Әрі құжаттармен қосымша танысуға мүмкіндік береміз», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат ДОСАЕВ.

Мәжіліс төрағасы сонымен қатар, бұл жағдайдың бірінші рет емес екенін ескертті. Министрлік биыл бөлінген 460 млн теңгенің үстінен қосымша 800 млн теңге сұрапты. Демек, өткен жылғы жағдай қайталанып отырған көрінеді. Себебі, 2017 жылы 770 млн теңге жеткіліксіз болып, әлеуметтік зерттеулерге қосымша 540 млн теңге бөлінген. Нұрлан Нығматулин осы тұста «Қазақинвест» компаниясында тілге тиек етіп, сырт елде өкілдіктерді байқап ашуды қатаң ескертті. Айта кетейік, бүгінгі жиынға аталмыш компания өкілдері де қатысқан болатын. Алдағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктері, Нью-Йорк пен Лондонда филиал ашу жоспарда бар екенін жеткізді.

«Сендер мұндай қарқынмен Сыртқы істер министрлігін қуып жететін түрлерің бар ғой? Бір кездері «Самұрық Қазына» компаниясында өзгерістер болып, 10-нан астам дипломатиялық бөлімшелер қысқарған болатын. Қандай тапсырма, ұсыныс, мемлекеттік бағдарлама болмасын, біз Акционерлік қоғам ашуға құмармыз. Әрине, басшы мен орынбасар көбейеді. Енді сырттан кеңесшілер қосылмақ. Осы қадаммен абай болыңыздар», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Денсаулық сақтау министрі де халық қалаулыларының сынына ілікті. Өйткені, Елжан Біртанов өткен жылдан бері жалақыларынан қағылған ақ халаттылар мәселесін шешпепті. Депутат  Владимир Косаревтың айтуынша, Көкшетау маңына жақын орналасқан Раздольный ауылындағы  реабилитациялық орталық қызметкерлері алдындағы қарыз 65 млн теңгеге жеткен.

«Мен ол жерде өзім болдым. 70 адам емделу үстінде. Қызметкер саны 40. Желтоқсаннан бері ешқайсысына жалақы төленбеген.  Барлығы қарызға күн кешуде. Көмір, солярка, азық-түлікті қарызға алып отыр.Олай қалай өмір сүруге болады? Мен шешуге талпындым. Бірақ нәтиже жоқ»,- деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Владислав КОСАРЕВ.

Сөз соңында Мәжіліс төрағасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жұмысын сынады. Шаруа қожалықтарын спутник арқылы сапалы суретпен қамтамасыз етуді тапсырды. Белгілі болғандай, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қажет  аэроғарыштық сапалы суреттер түсіру мақсатында бюджеттен жылына 600 млн теңге, ал үш жылғы аралыққа 1 млрд 800 млн теңге бөлінеді екен.


Назым Мәлікқызы, Нұрлан Өтегенов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир