|
15.08.2018 | 19:34
1301

Нью-Йоркте америкалық музыкант қазақ әуендерін шырқап жүр

Қазақтың қамажайын саксафонда құйқылжыта орындаған америкалық музыкант өнерімен тәнті етті.

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнеролик ғаламтор қолданушыларын тамсандыруда. Көше музыканты саксафонда Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін, «Қамажайды», тіпті қазақтың әнұранын да нақышын келтіре ойнайды.  

Желі қолданушылары видео АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында түсірілуі мүмкін деп болжап отыр. Музыкант әуенге басқанда, оны сол маңда жүрген отандастарымыз дереу видеоға түсірген екен. Шағын роликтен тіпті қазақстандықтардың әуенге қосылып ән айтқан сәтін де байқауға болады.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир