|
15.12.2017 | 17:51
1107

Полицейлер екі күн ішінде 200-ге жуық қылмыстың бетін ашқан

Полицейлер 2 күн ішінде 200-ге жуық қылмыстың бетін ашқан. Тәртіп сақшылары пәтерлер мен үйлерді тексеру кезінде есірткілік заттарды үйінде заңсыз сақтап, әрмен қарай саудалап жүрген 24 адамды анықтаған. Сондай-ақ өзгенің мүлкін жымқырып, оңай олжаға батып жүрген қарақшылар мен алаяқтарды да қолға түсіріпті. Қалада жасалатын қылмыстың дені ішкі және сыртқы мигранттардың араласуымен болады екен. Сондықтан сақшылар әсіресе құрылыс аумағында жүрген кірмелерге тексерісті күшейткен. Мәселен, бір күннің өзінде көші-қон заңнамасын бұзған 90 адам анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылыпты.

«Қаламыздың кіре берісіне орналасқан 10 экологиялық бекеттің де жұмыстары күшейтілген болатын. Заңсыз қару-жарақ, заңсыз есірткі тасымалдау, сақтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынды. Тағы да көші-кон заңнамасын бұзушыларды да айқындап, соттың шешімімен елден шеттету мәселесі қарастырылуда», - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир