Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

9-14 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы

Шомылуға баруды көздеп жүрген алматылықтар үшін алдағы апта қолайлы болмақ. Себебі шілденің 9-14 аралығында термометр бағаны +37 градусқа дейін көтеріледі.

Дүйсенбі,  9 шілдеде жауын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +36, түнде +16 градусты көрсетеді.

Сейсенбі, 10 шілде күні термометр бағаны күндіз +37, түнде +17 градус болады.

Сәрсенбі, 11 шілде күні аптап ыстық болады. Күндіз термометр бағаны +37, түнде +22 градусқа көтеріледі

Бейсенбі, 12 шілдеде ауа температурасы күндіз +34, түнде +22 градус болады.

Жұма, 13 шілде күні термометр бағаны күндіз +33, түнде +22 градусқа дейін жоғарылайды. Күн ыстық болады.

Сенбі, 14 шілдеде күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +33, түнде +22 градусты көрсетеді.


Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.