Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Астана қаласының прокурорлары аз қамтылған отбасын анықтап көмек көрсетпек

Астана қаласының прокурорлары қоғамдық қорлармен біріге аз қамтылған отбасын анықтап, көмек көрсетуді қолға алған. Бұл өз тарапынан жеткіншектер арасындағы қылмыстық деңгейді төмендету жобасы аясында жүзеге асуда. Жарты жылдың ішінде қала бойынша, 18 мыңнан аса қылмыс жасалса, оның 92 -сі жасөспірімдерге тиесілі. Бүгіндері 200-ден астам аз қамтылған отбасы әкімшілік пен құзырлы органдардың бақылауына алынған.

7 баланың анасы Айгүл Қойлыбаева отбасымен бірге Астанаға 2008 жылы Шымкенттен көшіп келіпті. Алғашқы кездегі жағдай өзгеріп, отбасының күнкөрісі нашарлай түседі. Ол аз болғандай арқа сүйер азаматта бала-шағадан қол үзіпті. Бүгінгі таңда, сенері тек балалардың жәрдемақысы екен. Оны жырым-жырым етіп, әр тесікті жауып келеміз дейді. Көп балалы ананың арманы баспанаға қол жеткізу.

«Үйге кезекке тұрдым. Түрлі себептермен ажырасыпта кеттім, осындай қарапайым  халық көмектеседі. Акиматтан көмектеседі. Бірақ, сонда да қиналам. Үйге кезекке тұрғаным болмаса. Сәл күнде ілінетін шығармын. Кішкентайым бір жасқа толғанда алтын алқа алам»,- деді Қала тұрғыны, Айгүл ҚОЙЛЫБАЕВА.

Алтын алқа қаншалықты көмек болары түсініксіз. Дегенмен, қол ұшын созып қолдау көрсететін жақсы жандар аз емес екен. Прокурорлармен бірге ере келген қоғамдық қор өкілдері бала-шағаға қажетті киім-кешек, азық-түлік пен бірге велосипед те ала келіпті.

«Ертесінде педогог звондайды. Сізді балаңыз угон жасап кетті  дейді. Ойбу деп ұшып барам велосипедін алып. Ол ұрлап кеткен. Заявление жазылып кетті дейді. Кешіріңіздер. Мен ұрлап кетсе қайтарар едім ғой дедім. Алып қалайын деп жатқан жоқпын дедім. Оларда түсінді»,- деді Қала тұрғыны, Айгүл ҚОЙЛЫБАЕВА.

Балалар арасындағы қылмыстың өсу себебі де осы. Ел қатарлы ойнап күлгісі келеді. Бірақ, жағдай жоқ. Әрі жоқты тартып алады. Осылай құзырлы орындардың тізіміне ілінеді. Жарты жылдық көрсеткішке үңілсек, 18 мыңнан астам қылмыстың 92-сі жеткіншектер еншісінде екен. Дегенмен, шенділер жазғырғаннан гөрі, көмектесуге шешім қабылдаған.

«Бұл жобы аясында, жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсету көзделген. Аз қамтылған отбасының балалары жиі қылмысқа барады. Демек, қажетті затты сатып алуға қаржы жетпейді. Содан, ұрлау,тонау оңай шешім болып көрінеді. Біз бар қолдан келгенше ең қажетті заттармен жабдықтауға ұмтылып отырмыз»,- деді Қала прокурорының кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мәселесі бойынша аға көмекшісі, Дана МУЛАКОВА.

Қоғамдық қор тізімінде қайырымдылық шарасына ілінетін өзіндік отбасылар бар. Бүгіндері 204 жуық жағдайы төмен жандардың 35-не аталмыш мекеме ұдайы қарайласып келеді. Көпбалалы ана енді жағдайы төмен отбасы қатарын арттырып, қоғамдық орталықтың қарауына кірді.

«2017 жылдан бастап біз қала прокурорларымен біріге  тығыз жұмыс жасап келеміз. Себебі, қала деңгейінде арнайы бақылауға енген жағдайы нашар отбасы саны аз емес. Оларға көмек қажет. Әлеуметтік жоба аясында қажетті заттар, азық-түлік алуға спонсорлар, жеке кәсіпкерлер көмектеседі»,- деді Қоғамдық қордың өкілі, Рустам ИБРАГИМОВ.

Құзырлылар мен қоғамдық қор өкілдері бүгіндікке жұмысын аяқтады. Игі шара әлі де жалғаспақ. Жаңа оқу жылында біршама аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндерді мектепке дайындауға көмектеспек.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «»Алматы арнасы Астанадан