|
17.04.2018 | 13:02
5201

Ресейде «Мамаев қорғаны» мемориалында қазақ жауынгерлеріне ескерткіш орнатылады

Ресейдің Волгоград қаласында «Мамаев қорғаны» мемориалында қазақ жауынгерлеріне ескерткіш орнатылады. Биыл Ұлы Отан соғысындағы ең ірі Сталинград шайқасына  - 75 жыл толып отыр. Сондықтан Ресей тарапы,  біздің елімізден қаланы жаудан қорғағандардың атын мәңгі етпек ниетте. Осы орайда Астанада Бауыржан Момышұлы ескерткіші алаңында Волгоград қаласына топырақ салынған капсуланы жөнелту рәсімі өтті. «Мамаев қорғаны» мемориалындағы ескерткішке қаланатын туған жердің топырағын аттандыру іс-шарасы Елордадан бөлек, бір уақытта Қазақстанның бірнеше қаласында ұйымдастырылды. Соғыс ардагерлері, майданда қаза болғандардың туыстары қатысқан жиында бір минуттық үнсіздік жарияланып, қан майданда жанын бергендерге гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Жиналғандар соғыс кезіндегі Сталинградты жаудан азат етуде қазақстандық 459-ші және 387 -ші атқыштар дивизиясын ерекше еске алды. Соңғы мәліметтерге сенсек, бір ғана Ақмола облысынан шайқасқа 10 мыңға жуық азамат аттанып, елге тек 2 мыңы аман-есен оралған.

«Біздің қазақстандықтардың сол Сталинград шайқасына жеңіске қосқан үлестері айтарлықтай. Міне, осы жағдайды ескере отырып, сол жаңағы ашылайын деп отырған "Мамаев қорғаның" мемориалындағы біздің Қазақстанның жерін, топырағын жеткізіп, сол мемориалға апарып жеткізу үшін жаңағы Баукеңнің жанындағы жерден жер алып, топырақ алып, капсулға салып, соны жіберейік деп отырмыз», -деді Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы Өмірзақ БОЛСАМБЕКОВ


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир