|
26.10.2017 | 17:53
1191

Ресейліктер АҚШ визасын ала алмай жүр

АҚШ мен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан ресейліктер Американың визасын ала алмай жатыр. Оған АҚШ елшілігінде қызмет істейтін адам санының қысқаруы басты себеп болған. Бұл Ресей тарапының қойғаны талабы көрінеді. Ал халықтың бұл қадамға өкпесі қара қазандай. Себебі, алдын ала рұқсат қағазының сомасын төлеп қойғандар да бар екен. Сондықтан ресейліктер Қазақстан арқылы виза алып жатқан көрінеді. Ал біздің ел арқылы құжат рәсімдеуге шектеу қойылмаған.

«Өзге ел азаматтары, оның ішінде ресейліктер Астана мен Алматы қаласындағы елшілік арқылы өз өтінімдерін жібере алады. Дегенмен, басымдық қазақстандықтарға беріледі. Визаға тапсырыс берген жағдайда Қазақстан резиденті емес адам ең алдымен осы елде болуы керек. Екіншіден, уақытша тұрғылықты мекен-жайды көрсетуі тиіс. Балалары бірге аттанатын болса, онда олар сұхбатқа міндетті түрде қатысады. Себебі, біз рұқсат қағазына өтінішті пошта арқылы қабылдамаймыз», - деді  Қазақстан Республикасындағы АҚШ хатшысы Рен ЭЛЬХАЙ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир