|
12.09.2018 | 17:45
1270

Республикалық жолдарда жаппай көлік тоқтатуға тыйым салынады

Парламент Мәжілісінің депутаттары көлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық өзгерістерді талқылауға кірісті. Соның ішінде республикалық жолдарда көлік құралдарын жаппай тоқтату тәжірибесіне тыйым салу мәселесі де бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың айтуынша, көлікті тоқтатудың нақты себептерін енгізу жоспарланған. Атап айтқанда, автоматтандарылған жүйеде тіркелген заңбұзушылықтар болса, көлікті тоқтатуға рұқсат беріледі. Бұдан бөлек, көлік құралы тіркеусіз жүрсе, сондай-ақ, арнайы шаралар кезінде автомобильдер жаппай тоқтатылады.

 Министрлік шетелдік көлік құралдарын тоқтату тәжірибесін де қалдыруды ұсынып отыр.

«Осы тәртіптің арқасында 100 мың ауыр жүк көлігін тоқтатуды қысқартып, жүк тасымалдау жылдамдығын арттыруға болады. Әрине, сыбайлас жемқорлық әрекеттері де азаяды», - деді Т.Тоқтабаев Мәжілісте заң жобасын таныстыру кезінде. 

Оның айтуынша, ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған өлшеу құралдарымен интеграциялаудың арқасында барлық мәліметтерді алдын ала тіркеп отыруға мүмкіндік бар. Теxникалық тексеріс, төленбеген айыппұлдар, рұқсат қағаздардың бар-жоғы - осының бәрін бірден алып, көлік құралдарын кідіріссіз өткізуге болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир