|
08.06.2018 | 23:08
1644

«Рухани жаңғыру» аясында тағы 30 оқулық аударылып жатыр

Қазақ тіліне аударылған 18 оқулық, енді  "OpenU" сайтында. Ал жаңа оқу жылынан бастап осы алаңда бейнелекцияларды екі тілде қарауға болады. Қазір ұлттық аударма бюросының мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екінші кезеңге, яғни 30 оқулықты аударуға кірісіп кетті. Жыл соңына дейін олар да оқырмандарға жол тартады.

Ұлттық аударма бюросының алматылық редакциясында «100 жаңа оқулық» жобасының екінші кезеңі басталып кетті. Бұл жолы редауторлар танымал шетелдік авторлардың 30 кітабын қазақша сөйлетеді. Кейін қазақстандық студенттерге пайдалануға беріледі. Ағылшын, француз, орыс тілдерінен аударылған 18 оқулық, бүгінде еліміздегі 110 жоғары оқу орындарына таратылып үлгерілген. Ал осы айдың басынан бері оның электронды форматы да қалың көпшіліктің назарына ұсынылды.

Қазақ тіліне аударылған оқулықтардың авторлық құқығы сақталатыны барлығымызға белгілі. Бірақ аудармашылар біздің қалың оқырманға оқуға ыңғайлы, әрі түсінікті болу үшін басқа да ақпарат көздерін пайдаланып, түрлі мысалдарды негізге алады.

«Бір кітаптың көлемі өте үлкен кітаптар. Бұлар шетелдік кәітаптардың ерекшелігі ауқымды болып келеді. Сондықтан бір кітапты екі аудармашыдан, 4-5 аудармашыға дейін аудара береді. Соңында кітап бірнеше рекдактордың қолынан өтеді»,-деді ұлттық аударма бюросының редакторы Ләйла АСҚАР.

Жаңа оқу жылынан бастап, тәлімгерлерге бейнелекциялар қолжетімді болады. Бір ерекшелігі ол екі тілде, қазақ жәіне орыс тілдерінде дайындалады. Қазір мамандар оларды дайындау үстінде. Айтпақшы ұлттық аударма бюросының негізгі құрамынан бөлек, білікті аудармашылар мен оқытушылар қашықтықтан қазақ тіліне аудару процесіне қатыса алады. 18 оқулықты аудару мен басып шығаруға 2 жүзге жуық маман тартылыпты.

«Әр оқулық бойынша, кем дегенде 25 лекция әзірлену керек, кем дегенде 20 минуттан әрқайсысы. Соңында есептегенде 500 минут болады. Соңында студенттерге біразға азық болатын видеолекция әзірленуі керек. Бірінші қыркүйекте құдай жеткізсе, сайттарда, жалпы интернет ресурстарда осы лекция болады. Оның бәрі ашық»,- деді ұлттық аударма бюросының жоба жетекшісі Назгүл ҚОЖАБЕК

Енді  әрбір қазақстандық қазақ тіліне аударылатын оқулықты өздері ұсына алады. Ұлттық аударма бюросына тікелей жолдасаңыз ол арнайы тізімге енгізіледі. Кейін сарапшы комиссия арасынан іріктеп алады.

Азамат Әуезхан, Валерий Таубалдиев, Алматы телеарнасы.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир