|
17.08.2018 | 21:44
1852

«Сандық Қазақстан»: енді мекенжай туралы қағаз анықтаманың қажеті жоқ

Бұдан бұлай азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай және жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары мемлекеттік қызметкерлердің басын қосып, «Электронды үкімет» порталында іске қосылған «Анықтамасыз қызмет» , яғни «Paper free» сервисі туралы және мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа жолдары мен тың әдістерін түсіндірді.

Аталмыш жоба іске асқалы азаматтардың анықтама алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы азайған. Мәселен, Алматыда осы жылдың 7 айында 2 млн 300 мың мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 40 пайызы электронды түрде жүзеге асқан. Ал «Сандық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2022 жылға дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде көрсетілуі тиіс. Сондықтан, азаматтарды жаңа қызметтерге үйрету қазірден қолға алынып жатыр.  

«Біз халыққа қызмет көрсету орталықтарында мониторинг жасадық. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің әлі күнге дейін қызмет көрсету орталықтарына жүгінетінін байқадық. Алайда, сол мемлекеттік қызметтерді алудың электронды түрі бар. Сондықтан, бүгін қарапайым анықтамаларды egov.kz порталынан қалай алуға болатынын көрсеттік. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдеріне де балалардың мекенжай анықтамасын ата-аналардан талап етпей-ақ, қалай алуға болатынын түсіндіреміз», – деді  Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет жөніндегі департамент басшысының орынбасары Шынарай ӘЛІМХАН.

Тағы бір жаңашылдық, енді SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғалар ақпараттық анықтамаларды ала алады. Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесінде миллиондаған ата-ана Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады. Егер «Paper free» сервисі енгізілсе, оқу орындары электрондық үкімет порталынан қажетті құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бір реттік рұқсат бергенін растап, фронт-офиске бару міндетінен құтылады. Бұл сервисті қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир