|
20.04.2018 | 10:35
1415

Сауд Арабиясында алғашқы кинотеатр ашылды

Германияда көктемде ауа температурасы +30 градусқа жетті. Осыдан бірнеше жыл бұрын Сириядан қашқандар отандарына оралуда. Ал Сауд Арабиясында алғашқы кинотеатр ашылды. 

500-ден астам босқын Сирияға оралмақ. Олар Ливанның оңтүстік-шығысында орналасқан Шеба ауданына жиналып жатыр. 15 автобус босқындарды Бейт Джинн қаласына апарады. Халықтың мұндай көші сирек құбылыс, бірақ олар өз еріктерімен бірнеше жыл тұрған жерін тастап барады.

Босқындардың көшуіне Ливан билігі қол ұшын созуда. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері босқындарға көмектесуді уақытша тоқтатыпты. Өйткені Сириядағы жағдай әлі тұрақты емес көрінеді.

Германия

Ал германияда күн кенеттен ысыды. Сәуірдегі табиғаттың тосын сыйы салдарынан немістер саябақтарда қыздырынуға жинала бастады. Елдегі кей өңірлерде ауа температурасы 28 градусты көрсетсе, синоптиктер 30 градусқа жетуі мүмкін дейді.

Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясында бірінші алғашқы кинотеатр ашылды. Мұндай ойын-сауық орындарына 40 жыл бойы тыйым салынып келген. Кинотеатрдың салтанатты ашылу рәсіміне осы елдің Мәдениет министрі қатысты.

«Енді Сауд Арабиясының тұрғындары осы жерге келіп, үлкен экраннан фильм тамашалай алады. Біз әлемнің түрлі мемлекеттерінде мыңнан аса кинотеатр аштық. Солардың арасындағы ең әдемісі осы Эр-Риядтағы кинотеатр. Бұл тек бастамасы ғана», - деді кинотеатр директоры Адам АРОН.

Кинозал 450 адамға шақталған. Мұнда ерлер мен әйелдер бірге кино тамашалауға мүмкіндік бар. Айта кетейік, Сауд Арабиясында кинотеатрлар 1980 жылдарда жабыла бастаған. Алайда, көбісі үйлерінде фильм қарауды жалғастырған. Аталған елдің билігі 2030 жылға дейін 350 кинотеатр ашуды жоспарлап отыр. 


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир