|
11.12.2017 | 17:08
3644

Шытырманға толы «Репортер» сериалы көрерменге жол тартпақ

«Алматы» телеарнасында тұсаукесер! Шытырман оқиғаға толы «Репортер» сериалы көрерменге жол тартпақ. Басын қатерге тіккен журналист лауазымды шенеунікке қарсы шығады. Сондағы көксегені шындықтың бетін ашу. Бұл басты кейіпкердің қолынан келді ме?

Алғашқы минуттарынан бастап, кинотуынды драмалық әсерге бөлейді. Бас кейіпкердің қолында қайтыс болған әйелі оған ісін жалғастыруды өтінеді. Енді репортер ештеңеге қарамастан шындыққа қол жеткізу қажет. Бірақ қарсыластары да осал адамдар емес. Азамат есімді репортер мінген автобусты қарулы топ басып алады.

«Басынан аяғына дейін көлік қозғалыста болады. Бірақ оны арнайы жасақ қуып жетіп, басып алады. Осы сәтті түсіру өте қызық болды», - деді «Репортёр» сериалының режиссёрі Артур ИСАБАЕВ.

Сериалда мұндай сәттер көп-ақ. Тілшілер қауымы күн сайын болмаса да осындай сәттерге тап болып жататыны рас. Бірақ журналистер өз жұмысын орындап жатқандығын естен шығармау керек.

Журналист ары мен ақпарат шындығы арасында шек бар ма? Репортерлық -  бұл сенсация мен рейтингтің артын қуған мамандық емес екендігін кейіпкерлер бірнеше рет дәлелдейді.

«Азамат секілді адамдардың барын, яғни мамандығының қаншалықты қауіпті әрі маңызды екенін көрсету біздің негізгі ойымыз еді. Толыққанды, шынайы ақпарат беру үшін басын қауіпке тігетін мамандық туралы айтқымыз келді», - деді «Репортёр» сериалының режиссёрі Артур ИСАБАЕВ.


Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, Алматы телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир