Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Алматыда арықтан табылған әйелді күйеуі өлтірген

Алматыда арықтан табылған 26 жастағы әйел өз күйеуінің қолынан көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпаратқа қара жамылған отбасының достары хабарлаған.

«Бұл келіншек сол жердегі үйлердің бірінде қарт кісілерді бағатын. Оны күйеуі өлтірді. Бір күн бұрын. Жұмыс істейтін орнын біліп алып, сол адреске барып шақырған. Шыққан кезде өлтіріп тастаған. Әйелді біреулер зорламақ болды деген ой қалыптастырғысы келіп, шешіндіріп кеткен. Анасының айтуынша, қызының тәні көк-ала қойдай екен. Сау тамтығы қалмаған. Әйелді жұмысқа алған адамдардан естігеніміздей, соққыдан әйелдің бір құлағы жыртылып кеткен»,- деді отбасының танысы Валентина Соболева.

Оның айтуынша, әйелдің 6 жастағы ұлы жетім қалды.

«Олар соңғы жылдары ажырасып кеткен. Бірге тұрмайтын. Күйеуі әйелінің артық қылығы болмаса да, қатты қызғанатын. Және баланы алып кетем деп қорқытатын. Марқұм келіншек  отбасын асырау үшін қандай жұмыс болсын істеуге тырысатын», – деді ол.

Соңғы жылдары қайтыс болған келіншек анасымен Айгерім шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрып келген.

Полиция ауладағы камералар арқылы күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Ер адам өз кінәсін бірден мойнына алды.