|
08.01.2018 | 10:42
1441

Талғат Ермегияев түрме тәртібін бұзғаны үшін 5 тәулікке абақтыға қамалды

14 жылға сотталған  "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев түрме тәртібін бұзғаны үшін 5 тәулікке абақтыға қамалды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше  ол түрме тәртібін бұзған. Айта кетейік, осыған дейін Ермегияевке жақсы жағдай жасаған ЕЦ-166/10 түзету колониясының басшылары, сондай-ақ бір топ лауазымды тұлға жазаланған еді.   Қалтасы қалың қамалушыға қамқор болған 13 адам қызметтен  қуылса, қалғандары тәртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттің миллиардтаған қаржысын жымқырған Талғат Ермегияев ұзақ жылға сотталып қана қоймай, мүлкі  тәркіленіп, басшылық жасау жұмысынан өмір бойына айырылған  еді. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир