|
19.04.2018 | 12:21
3260

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына - 85 жыл

Биыл өнер ордасына - 85 жыл. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының мерей тойы Республика сарайында өтіп жатыр. Мерекелік шараға аталған оқу орнының түлектері тайлы-тұяғы қалмай келіп, өнерлерін паш етуде. Ректордың сөзінше, Еліміздің сахна саңлақтары мен шоқ жұлдыздардың тең жартысы осы шаңырақтан шыққан екен. Атаулы дата аясында актерлар Темірбек Жүргеновтың туған жері Қызылордаға барып, қойылым қоймақ. Сонымен қатар, Астананың 20 жылдығына орай елорда да концерт ұйымдастырмақ.

« Қазан айында біз Т.Жүргеновтың еліне, Қызылорда қаласына үлкен бір спектакль, үлкен бір бағдарлама дайындап жатырмыз. Сондықтан да биылғы жыл біздер үшін жемісті,  көптеген

 шараларды ұйымдастырып аяғына дейін жеткіземіз деп ойлаймын» Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры  Бибигүл НҮСІПЖАНОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Т.Жүргенов
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир