Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

«Алматы» телеарнасы тағы үздік атанды

Журналистердің төл мерекесі қарсаңында "Алматы" телеарнасының ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған болатын. Енді арнамыздың жұмысын еліміздің белсенді азаматтары да, яғни бейресми орта жоғары бағалап отыр.

Айтулы мерекеге орай Алматыда дәстүрге айналған «Журналистика күні» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биыл бесінші рет өткен шараға елімізге танымал журналистер мен қоғам қайраткерлері және блогерлер қатысып, жылдың үздіктерін анықтады.

Осылайша, «Алматы» арнасының ұжымы Қазақстандағы ең үздік телеарна номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, қызметкерлеріміздің еңбегі еленді. Шығармашылық ұжым үшін бұл аса үлкен мәртебе.
Айта кету керек, ұйымдастырушылар барлығы оннан астам номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Олардың қатарында үздік интернет-портал, үздік журналист, үздік радио, үздік блогер сынды номинациялар бар. 
Ал, байқауды бұл жолы Beeline, Raimbek, Heineken, Deloitte, KAZ Minerals, Magnum Cash & Carry, Huawei Kazakhstan, DAR сынды алып компаниялар ұйымдастырған.