|
13.04.2018 | 16:40
1305

Теңге бағамының өзгеруі бензин бағасына әсер ете ме?

ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов теңге бағамының құбылуы жанар-жағармай бағасына қалай әсер етуі мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Әрине, бағам айырмасы жанар-жағармайдың соңғы бағасына әсерін тигізеді. Әсіресе, Ресейден импортталатын көлемге. Қазіргі таңда біз бензинмен толықтай қамтамасыз етілдік. Нарықтағы жағдай бензинге қарағанда дизельді отынға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Білмеймін енді, көре жатармыз», — деді Құдайбергенов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол қазір елімізде отын тапшылығы жоқ екенін атап өтті. 

«12 сәуірдегі мәлімет бойынша, АИ-92 маркалы бензиннің жиынтық қоры 330 мың тоннаны құрап отыр. Бұл нарық үшін жеткілікті қор. Дизельді отын бойынша жиынтық қор – 325,5 мың тонна. Жағдай тұрақты, өнімдерді сатуда шектеу байқалып отырған жоқ», — деді энергетика министрлігінің өкілі. 

Оның айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 375 мың тонна дизельді отын бөлінген.




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир