|
16.08.2018 | 20:24
1821

«Цифрлы Қазақстан»: биыл 5 мың сот ісі электронды түрде жүргізілді

Еліміздің сот жүйесі биыл наурыз айынан бастап 8 мың жасырын тергеу әрекетін жүргізуге санкция беріп, 600-ден астам іс бұйрықпен жабылған.  Азаматтарға тағылмақ болған жалған айып пен жазасыз түрмеге қамалу жайы Бас прокуратурада айтылды.  

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жұмысты заманауи ету мен жаңғыртуға бет бұрған ведомство республика бойынша заңсыз деп танылған 2 мың 183 тінту мен мүлік тәркілеуді ретсіз жасалған жұмыс деп таныған. Сонымен қатар, Астанада алғаш рет 30 электрондық криминалисттік зерттеу өткізілді. Цифрландырудың артықшылығын Бас прокурордың өзі де айтып берді.  

«Біріншіден, қылмыстық тергеуге келгеннен бастап сот үкімінің орындалуын қадағалап, бүкіл процесті автоматтандыру, жылдамдату және жеңілдету қажет. Екіншіден, тергеу кезінде жалған құжаттарды жасауға және енгізілген мәліметтерді өзгертуге жол бермеу, сыбайластықты барынша азайту, үшіншіден, ведомстволық, прокурорлық және соттық бақылаудың тиімділігін арттыру керек», – деді  ҚР Бас прокуроры Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ.

Биыл Бас прокуратурада қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жаңғыртатын заң енгізілген. Соның арқасында, Қазақстанда ұсталғандар мен сотталғандар саны үш есеге азайыпты. Бүгінгі таңда 5 мыңға жуық іс бұрынғыдай қағаз түрінде емес, электронды түрде жүргізілген. Оның 2300-і сотқа жолданған.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир