|
13.09.2018 | 10:39
1273

Түркістан облысында дүниеге келген үшемнің отбасына үй берілді

Түркістан облысы Келес ауданында жуырда ғана дүниеге келген үшемнің отбасы баспаналы болды. Көпбалалы шаңырақтың жағдайын ескерген аудан әкімі Ақментай Есбаев аталған отбасына баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында аталған ауданның Бірлік ауылында тұратын Түктібаевтар шаңырағында үшем өмірге келген болатын. 23 жастағы үш баланың анасы Аяжан Төленді осылайша алты балалы болып, қуанышқа кенелген. Сәбилерге Төрәлі, Фатима, Зәуре есімдері берілген.

Аудан басшысы шаңырақтың қуанышын еселеп, баспанаға қажетті тұрмыстық техникаларды қоса тарту етті.  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир