|
30.03.2018 | 12:05
3067

«Ұлт болмысы» әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Қаламгерлер темір тұлпар мініп, қомақты қаржылай сыйлықтар алып, бір марқайып қалды. Алашорданың 100 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды. «Ұлт болмысы» журналы мен «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізген бәйге бұл. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 130 қаламгер қатысқан. Қазылардың қатаң сұрыптауынан өткен үздіктері жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар поэзия, проза, журналистика және драматургия саласы  бойынша марапаталды.

«Мен «Ғасырлар тілегі» деген поэма жаздым. Бұл поэмада көтерген мәселем- тарихтағы батырлар жөнінде айтқан кезде кілең ер азаматтарды айтамыз да, сол кездегі әйелдер мен қиындық көрген балалардың тарихы айтылмай қалады. Қазылар алқасының оң бағасын алып тұрған шығарма болғандықтан, енді бұдан әрмен қарай осы биіктіктен түспеу керек», - деді поэзия жанры бойынша 1-орын иегері Гүлжайнар ҚАЛДИНА.

«Алаш қозғалысына қатысты да көптеген дау-дамайлар әлі күнге дейін бар. Сондай шығармалар кездесіп қала ма деп ойлап ем, сол үмітім ақталып бір-екі шығарманы көріп қалдым. Бірінші орын, бас жүлде алған шығармалар осы тақырыпқа арнайы жазылған. Және еңбек сіңіріп жазғанын біз байқадық. Демек, бұл бәйге өз мақсатын орындады деуге болады», - деді жазушы, қазылар алқасының мүшесі Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК.

Бәйгенің ерекшелігі жүлде қорының көптігінде: әр жанр бойынша 6 адамнан марапатталып, 150 мың мен 500 мың теңге аралығында қомақты сыйлықтарға ие болды. Ал «Түнде ұшқан қаршыға» повесін жазып, бас жүлде алған Талғат Кеңесбаев  темір тұлпар мінді.  Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған бәйгенің басты шарты  - Алаш арыстарының  қайраткерлік  образын жасап, әдеби мұраларын насихаттау. Әділқазылардың айтуынша, Алаш тақырыбына келгенде жас қаламгерлердің ықыласы ерекше. 

«Бұл Алаштың идеясын біздің бүгінгі көркем ойлау жүйесіндегі деңгейімен ізденістерін де кемшіліктерін де байадық. Біз Алаштың қазір атын ғана малданып, сол тудың айналасында жүрміз. Ту ұстайтын қаламгерлер алдағы уақытта туады, болады, бар деп есептеймін», - деді жазушы, қазылар алқасының төрағасы Тұрсын ЖҰРТБАЙ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир