|
05.06.2018 | 10:46
1374

Ұлы дала әуені: Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі 14 елден музыканттарды жинады

Алматыда «The Spirit of Tengri» заманауи этномузыка фестивалі өтті. Биылғы шараға 14 елден 90 музыкант қатысуда. Екі күн бойы Испания, Франция, Австралия, Мозамбиктен және Орталық Азиядан келген қонақтар көрерменді табиғи дауысымен және сырлы сазымен баурады.

Шығармаларда негізінен халықтық және заманауи музыка үйлесім тапқан. Фестивальде еліміздің атынан «Алдаспан» этнорок тобы өнер көрсетті. Айтулы шараға қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы келді. Шаһар басшысы, қала тұрғындары мен қонақтарын концерттің ашылуымен құттықтап, мұндай шара Алматыны әлемге кеңінен танытуға септігін тигізетінін жеткізді.

«Бұл өзіндік дүниетанымы, әні мен жыры дамыған қазіргі қазақ және басқа да түркі халықтарының бүгінгі мәдениетінің өзегін құраушы алтын діңгек. Сондықтан да төрткүл дүние майталмандары бас қосқан халықаралық фестивальдің The Spirit of Tengri деп аталуы үлкен мәртебе ие»,-деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Фестиваль биыл алтыншы рет қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы жылғы шара әлемнің барлық елдерінде онлайн көрсетілді. Бүгінде The Spirit of Tengri фестивалі - әлемде тылсым әуен тыңдауға болатын Малайзиядан кейінгі екінші орындағы музыкалық алаң. Аталған шара енді Астананың 20 жылдығына орай Елордада ұйымдастырылмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир