Астанада Жаңа жыл күні 57 сәби дүниеге келді

Астанада Жаңа жыл мерекесінде 7 адам ауруханадан бірақ шықты. Көбі мұз айдындары мен сырғанақ алаңдарында құлап, түрлі дәрежедегі жарақат алған. Сонымен қатар, бұл күндері бірнеше өрт оқиғасы тіркелген.

Динара Ақыпова осымен бірнеше жыл туыс-туғандарымен Жаңа жыл қарсаңында коньки тебуде әдетке айналдырып келген. Жылдағы әуесі әурешілікке әкеледі деп ойламаса керек. Ол жаңа 2018 жылды ауруханадар қарсы алды.  

"Мұз беттерінде толған жырым, тесік. Менің өзім бірнеше жыл тәжірибем бар адам, аяғымды сындырып алдым. Ал, енді мұз бетін шыққандардың жағдайы қалай болады? Ешқандай қауіпсіздік шаралары мен жедел жәрдемнің шұғыл шақыру жағдайы қарастырылмаған", - деді Динара АҚЫПОВА.

 Ал, 44-жастағы Бақыт атты азамат бет-әлпетін көрсетпеуді сұрады. «Себептері бар», - деді ол. Жаңа жыл алдында балаларының өтінішіне бей-жай қарай алмаған әке қаладағы ойын-сауық орталықтарының біріндегі мұз айдынына барған. Алғаш рет арнайы аяқ кіммен мұз басқан азаматқа ешкім қалай коньки тебуді көрсетпепті. Нәтижесінде қолына алдағы күндері ота жасалмақ. «Болған іс болды», - дейді. Тек бір өтініші бар.   

 "Ескертіп отырса, конькиді жалға беретені жандар. "Бірінші рет сізбе? Бірінші рет болса, былай", - деп, инструкциясын жүргізіп жүрсе нұр үстіне нұр ғой. Бұл да жазым ғой. Біреуді табалайын деп жатқаным жоқ», - деді Бақыт

Үш күнде дәрігерлерге оңай түспеген. Келушілер саны біраз артқан.

"Жылдағымен салыстырған кезде, көрсеткіш басқа күндермен салыстырғанда, екі есе артты. 31-і күні 75 науқас келіп қаралса, солардың 7-і ауруханаға жатқылызылды. 1-ші, 2-ші қаңтар күндері 31-мен салыстырғанда науқастар саны көбейе түсті", - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты бөлімінің ординатор дәрігері Адай ҚАЗЫБЕКОВ.

Жалпылай алғанда, үш күн ішінде 170-ке жуық Астана тұрғыны мұз айдындары мен сырғанақ алаңдарында түрлі жарақат алған. Сондай-ақ, бұл күндері Елорда бойынша бірнеше өрт оқиғасы тіркелген. Тіпті, «Астана Опера» театрының алдындағы шырша өртке оранған 

"Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларды өткізу барысында Астана қаласы бойынша 31-ші желтоқсанның 2-шы қаңтар аралығында 4 өрт оқиғасы тіркелген. 1 өрт оқиғасы жеке-тұрғын секторде, 2 өрт оқиғасы автокөліктерде, тағы да басқа жерлерде тіркелген. Өрттердің басты себебі, жеке-тұрғын секторды алатын болсақ, жылыту пештерінің ақаулығы немесе электр сымдардың дұрыс жалғанбауы", - деді  Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Мұрат МАДЫЙБЕКОВ.

«Мерекелік күндері тек жағымсыз ақпараттар ғана емес, жағымдылары да болды. Мысалы, 1қаңтарда Астананың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келген. Ондағылардың айтуынша, қаңтардың 1 мен 3 аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасына 1561 шақырту келіп түскен. Ал, жаңа жыл түнін Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған.