«Алматы» телеарнасы мен СДУ жариялаған эссе байқауының іріктеу кезеңі аяқталды

«Алматы» телеарнасы мен Сулейман Демирел Университеті жариялаған эссе байқауының іріктеу кезеңі аяқталды.

10 мамыр күні «Алматы» телеарнасы мен Сулейман Демирел Университеті жариялаған эссе байқауының іріктеу кезеңі аяқталды.

Айта кетейік, Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өзара ынтымақтастық туралы облыстық дуалды білім беру туралы меморандумға қол қойылды. Оның негізінде 2018 жылғы қазақстандық мектеп бітіруші түлектердің арасында байқау өтуде.

Жалпы байқауға 348 жұмыс келіп түсті. Оның 275 – қазақ тілінде, 69 – орыс тілінде, 4 – ағылшын  тілінде жазылған. 

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінің мектеп түлектері қатысты. Оның ішінде 10-нан астам қалалардан эсселер келіп түсті. Атап айтсақ, Алматы мен Астана қалаларынан, ауыл және аудан орталықтарынан да оқушылар өз жазбаларын жіберді.

Қазіргі таңда финалға 23 қатысушы жіберілді.

Жеңімпазды СДУ және «Алматы» телеарнасының өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері бетпе-бет тілдесу барысында таңдайтын болады.

Үздік эссе иелерімен сұхбаттасу 15 мамыр күні сағат 13:00-дейін Сулейман Демирел Университетінде өтеді.

Байқаудың финалына өтіп, сұхбаттасуға шақырылған қатысушылар тізімі:


Уразалиева Нуржамал

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Қызылжар елді мекені

Шамсутдинов Никита

Алматы

Шүкіржан Ақнұр

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Лесқали Аружан

Астана

Молдакасенова Аяулым

Астана

Булатова Лара

БҚО, Орал қаласы

Ерикова Асель

ШҚО, Абай ауданы, село Караул

Асқаркызы Адель

Қызылорда, "Шұғыла" ы-а

Курмангалеева Дана

Павлодар обл, Екібастұз

Оразаева Гүлнұр

Қарағанды обл, Сарань қаласы

Пышонин Ярослав

Павлодар

Телешбай Гүлнұр

Маңғыстау облысы  Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы

Тлектес Айым

Павлодар

Брагин Денис

Алматы

Закирбаева Сабрина

Тараз

Оспан Мағжан

Талдықорған

Жакаева Милика

Өскемен

Махмудова Наргиз

Астана

Нұрланова Талшын

Өскемен

Бекен Еділ

Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы

Сергеев Артём

Өскемен

Амирова Улдана

Алматы

Укошова Анель

ШҚО, Семей