|
25.09.2017 | 15:32
1229

Ішкі Істер министрі жекеменшік түрме салудан бас тартты

Еліміздегі түрмелерді жеке кәсіпкерлер салмайтын болды. Құны тым қымбат көрінеді. Құрылысты қаржыгерлер қаржыландырғанымен, оның қолайсыз тұстары көп екен. Әйтсе де, жауаптылар абақты салудың балама жолын тапқан. Тың жоба турасында елордалық әріптесім Азамат Әуезхан айтып беруге дайын. Ол студиямен тікелей байланысқа шығып, абақтыда босанған әйелдердің алдағы жайын да сөз етпек. Ендеше, тілшімізді жалғайық.

- Азамат, енді түзету мекемелерін енді кімдер және қалай салады? Үкіметте ұсынылған балама жолы қандай?          

¤Ішкі істер министрлігінің бұл жобадан бас тартуына өзіндік себеп бар. Ол кәсіпкерлердің қалтасын қағады екен. Бірақ амалын тапқан құзырлылар, үкіметке балама жолын ұсыныпты. Ол келесідей: түзету мекемелері аумағындағы қосымша құрылыс жұмыстары, тұрғын үй корпустарын, құрамдас камера бөлмелерін салу нұсқасы. Мұны Ішкі істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан мемлекеттік жекеменшік серіктестік орталығымен бірге ойластырған. 

¤«Бұл ұсынысты жүзеге асыру - түзету мекемелерін жаңадан салудан әлдеқайда арзанға түседі. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік қатысушыларына да, әлеуетті инвесторлаға да мемлекеттен берілетін өтемақы шығынын азайтуға септеседі”, - деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ. 

Үкімет аталған нұсқаны мақұлдайтын болса, кәсіпкерлер алдымен әйелдер абақтысын қолға алады. Оның үстіне, жазасын өтеуші аналар өз балаларынан қол үзіп қалмайды деп сендірді Қасымов. Қазір республика көлемінде осындай бір ғана түзету мекемесі бар. Онда 25 бала аналарының жазасын бірге өтеуде. Ведомоства басшысы, қылмыстық-орындау кодексінің 116-шы бабымен байланыстырды. Ал депутат Зағипа Балиева мұндай ортада пробация жүйесі арқылы балаларды қоғамда тәрбиелеу керектігін тағы бір еске салды.

¤¤«Жауғаштыда 22 баланың болуын қалай түсінуге болады? Қылмыс жасаған бала емес, оның анасы. Біз олардың конституциялық құқығын бұзып отырмыз. Сонда біздің қоғам түрмедегі аналарға пробация институты, болмаса жазаларын бөліп өтеу арқылы жағдай жасай алмай ма? Балалар үй жағдайында тәрбие алу керек. Егер анасы ауыр қылмыс жасаған болса, пробация институты арқылы баласы үйде болып, ал өзі бір бөлмеден шыға алмайтындай етуге болады», - деді¤ Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа БАЛИЕВА.

- Азамат, абақтыдан шыққандарды қоғамдық ортаға бейімдеу мен жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мәселесіне байланысты министр Қасымов пікірін айтыпты. Осының анығын айтсаң? 

¤Иә, жылына абақтыдан 10 мың азамат босап шығады. Дегенмен, олардың үштен бірі бостандыққа шығысымен қайта қылмыс жасайды екен. Ішкі істер министрлігіің берген мәліметіне сенсек, қазір еліміздегі барлық түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер жалпы, арнаулы және кәсіби білім алып шығуына болады. Арнайы кәсіпорындар да бар. Онда кәсіп ететін тұтқындар табыс таба алады.

«19 жазасын өтеуші қазір түрлі құралдар, кәдесыйлар жасайды, аяқ киім тігеді. Ал 34 сотталған адам жеке кәсібін ашқан. Олар шамамен 220 адамды жұмыспен қамтып отыр. Көбінесе, ауылшаруашылығы өнімдерін, макарон тағы сол сияқты өнімдерді өндіреді. Цехты да ашып жатыр. Оларға кәсіппен айналысуға тыйым салынбаған», - деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық өтеу жүйесінде 70 пайызға жуық еңбекке қабілетті жазасын өтеуші еңбек ақымен қамтылған жұмыс істеуде. Олар тапқан пайдасын сот шешімін орындауға, алимент, айыппұл төлеуге және отбасына көмектесуге жұмсайды екен. Айта кетейік, екі жыл ішінде абақтыларға 246 шағын және орта бизнес субьектілері тартылыпты.

¤- Рахмет! Студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Азамат Әуезхан болатын.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир