|
25.09.2017 | 15:56
1383

Іскерлердің ісі алға басу үшін Үкімет 4 жарым млрд теңге бөлген

Кәсіпкерлер қарқыны қарымды. Іскерлердің ісі алға бассын деп биыл Үкімет 4 жарым миллиард теңге бөлген.


¤20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынға Үкімет үнемі қолдау білдіріп келеді. Соның арқасында жылына 10 мың тонна өнім шығаратын зауыт жыл сайын тауар түрлері арттыруда. 5 мың тоннадан астамы томат пастасы болса, қалғаны соя тұздығы мен банкіге басылған салаттар. 100 пайыз отандық көкөністерден жасалатын өнімге деген сұраныс жоғары. Ел нарығын толық  қамтып, көршілес Ресей, Қырғыз елдеріне экспортқа шығарылады. Десе де, доллардың делебесі қозғанына қарамастан, бағаны ұстап тұруға тырысатындықтарын жасырмады. Оған қоса, қазынаны толтыруға барынша ат салысып жүр. Былтырдың өзінде 165 миллион теңге салық төлеген. Бұл - Үкіметтен көрсетілген көмектен екі есе артық екен.


«Соңғы уақытта 71 миллион теңге субсидия алдық.  Біз әлі бағаны ұстап отырмыз негізі. Әрине, доллардың бағамы күрт жоғарылап кетті. Соған байланысты біздің өніміздің өзіндік құны өсіп жатыр. Біз ең аз үстеме қосамыз үсітінен», - деді кәсіпорынның сапа менеджері Жанар РАХЫМБЕКОВА.

 

¤«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шарапатын көрген тағы бір компания шамдарды шығарумен айналысады. Ашылғанына небәрі 4 жыл болған бұл өндіріс ошағы кәсіптерін дөңгелету үшін банктен 14 пайызбен 130 миллион теңге қарыз алады. Ал оның 7 пайызын Үкімет төлейді. Соның арқасында өндіріс қуаттылығы біршама артқан. 


«Өндірісіміздің қуаттылығы - айына 2 мың дана шам шығарамыз.  Ол шамдар Павлодар, Талдықорған, Орал, Қызылорда, Шымкент қалаларына жіберіледі. Біздің шамдар 50, кейде 60 пайызға дейін электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді кәсіпорынның директоры Естай ЫСҚАҚОВ.

 

¤Қолдау алған кәсіпкерлердің саны биылдыққа 154-ке жеткен. Ол үшін Үкімет 4 миллиард 4 миллион теңге қаржы бөліпті.  Оның 4 миллиардтан астамы субсидияға берілсе, 291 миллион теңгенің жобасы мемлекеттен кепілдендірілген.  Оған қоса, жолы болған 65 бизнесмен145 миллион грантқа ие болды. Осы ретте, мамандар іскерлердің қатарынан табылуға тартыңбаңыз, дейді.


«Кәсіпкерлікті қолдау орталығының көрсететін қызмет түрінің барлығы тегін. Мысалы, биылдыққа 561 кәсіпкерге бизнес-жоспарды ақысыз жасап бердік. Оған қоса, көмек сұрап келген кез келген іскерге жол сілтейміз. Қыркүйек айынан бері мыңнан астам кәсіпкер қажетті оқыту курстарын тәмамдады», - деді Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Дінмұхамед ҚОНЫСБЕК.

 

¤Қолдау көбінесе қайта өңдеу кәсіпорындары, медицина, көлік, құрылыс, сауда-саттық, азық-түлік өнеркәсіптеріне  көрсетілді. Бастысы 7 мың 326 жұмыс орны сақталып, тағы да 1мың 600 адам жұмысбастылар қатарына қосылмақ.

 

Әйкерім Ердәулетқызы, Влад Шишко «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир