|
05.01.2018 | 17:54
2897

Қазақфильм түсірген туындылар шаң басып жатыр

Былтыр Қазақфильм өздері түсірген 3 көркемфильмді қалың көпшілікке көрсетті. Ол Рүстем Әбдірәштың "Алмас Қылышы", Сәбит Құрманбековтың "Оралманы" мен Талғат Теменовтың "Біздің қаланың ханзадасы" болатын. Фильмдердің бірі кеткен қап-қап қаражатты ақтаса, енді бірі мүлдем көрермен жинай алмаған.  Бұл киноның жанрына байланысты дейді жауаптылар. Бірақ, соның қатарында көрермен қаласада көре алмайтын деректі туындылардың жағдайы қиын болып тұр дейді Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмнің баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева. Өйткені, мекеме акционерлік қоғам болғандықтан туындыларын сатуға міндетті. Ал, қымбат дүниені телеарналар алуға мүлде құлықсыз. 

«Осында бір түйткілді мәселе бар. Ол деректі фильмдердің жағдайы. Өкінішке қарай, деректі фильмдерді біз прокатқа шығара алмаймыз. Ондай тәжірибе біздің Қазақстанда жоқ әлі. Десе де, біз деректі фильмдерді жаңағы телеканалдарға ұсыну арқылы, егер олар бізден сатып алған жағдайда ғана біз көрермендерге деректі фильмдеріміздің ұсына аламыз»,-деді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ақ баспасөз қызметінің жетекшісі, Айнұр ИСАЕВА.

Жуырда ғана тұсауы кесілген «Қаз дауысты Қазыбек би» туралы туынды түсірген Ерлан Төлеутайда жағдайдың жақсы емес екендігін жеткізді.  Режиссерлер мемлекеттің қаржысына түсірілген деректі туындылардың ешкімге керексіз болып, шаң басып жататындығына қынжылады. Сондықтан, бұл мәселенің жоғары деңгейде қарастырулы керек деп отыр. 

«Кейінгі мына Қазақфильмнің мына дәуірлеу кезеңі. 2009-шы жылдан басталады өзі. Көп фильмдер түсірілді. 100-ден деректі фильм фильмдер түсірілді. Біреуі де көрсетілген жоқ. Бәрі шаң басып полкада жатыр. 30-40-қа жуық анимациялық фильм ол да шаң басып жатыр»,-деді Режиссер, Ерлан ТӨЛЕУТАЙ.

Аталған жәйт парламентте де көтерілген. Ақпан немесе наурыз айында халық қалаулылары «Кинемотография» туралы заңды қарастырып, өзгертулер енгізбек. 

«Телеарналарда ақша сұрайды екен. Қазақфильмнен олар ақша сұрайды. Қазақфильм олардан ақша сұрайды. Біз оны не болып жатқанын білмейміз. Шындық сол, қаншама деректі фильмдер түсірілді. Ішінде өте тамаша фильмдер бар. Бірақ солардың бәрі шаң басып қалып қойды»,-деді Режиссер, Ерлан ТӨЛЕУТАЙ.

Сондай-ақ, биыл мамандар жекеменшік киностудиялардың басын қосып "Кино қор" құруды жоспарлап отыр. Онда ортақ түйткілді мәселелер қарастырылатын болады. Ал, қазақфильм қажетсіз болып, қараусыз қалған туындыларға қанша қаржы жұмсалғанын жасырып қалды. 

Жадыра Омаржан, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир