|
07.12.2017 | 17:15
1164

Қазақстанда 940 адам радикалды райынан қайтты

Қазақстанда 940 адам радикалды райынан қайтты. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2017 жылғы қорытынды есебінде ресми жарияланды. Дәстүрлі діни мектепті таңдаған азаматтар саны бойынша Ақтөбе облысы бірінші орында тұр. Аймақ бойынша 308 адам радикалды діни көзқарасын өзгерткенін ресми мәлімдеген көрінеді. Ал, Алматы қаласы бойынша 127 адам дәстүрлі дінге оралған. Жылдық қорытынды жиналыста 2018 жылдың жұмыс жоспары бекітіліп, облыстың бас имамдарына нақты тапсырмалар берілді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир