|
22.12.2017 | 17:00
1603

«Қазатомөнеркәсіп» уран өндірудің шартты көлемін 20 %-ға қысқартпақ

 «Қазатомөнеркәсіп» алдағы үш жылда уран өндірудің шартты көлемін 20 пайызға қысқартады. Бұл туралы Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді. Компания өкілі «бұл шешім өнеркәсіптің болашағына қауіп төндірмейді, әрі уранды бізден алатын шетелдіктермен ортадағы келісімшарттарға әсерін тигізбейді», - деді.   

«Уран өндірісінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін біз өндіріс ауқымын икемдеп, қысқарту жөніндегі стратегиялық шешімді қабылдадық. Айта кетсек, 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан үш жылға жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша өндіріс ауқымын 20 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Бұл шара компанияның тұтынушылар алдындағы міндеттеріне әсер етпейді», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ғалымжан ПІРМАТОВ. 

Басқарма төрағасы соңғы бес жылда мекемеде өндірістік жарақат алу деңгейі екі есеге азайғандағын айтты. Сонымен қатар, кен орны қоршаған ортаның да мәселесін ұмыт қалдырмаған. Биылғы жылдың өзінде табиғатты зиянды заттардың әсерінен қорғау үшін 1 миллард 200 млн қаражат жұмсаған.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир