|
06.06.2017 | 10:34
1858

«Қорғас» кеден бекетінде адам өлтіру фактісі тіркелді

Алматы облысындағы «Қорғас» кеден бекетінде адам өлтіру фактісі тіркелді. Оқиға шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Өңірлік Ішкі істер департаментінің өкілдері ағымдағы жылдың 4 маусымында сағат 15.40-та «Қорғаста» екі саудагер жанжалдасып, суық қару қолданылған қақтығыс болды деп мәлімдеді. 1992 жылғы Әулиеағаш ауылының тұрғыны алған жарақатынан ауруханаға барар жолда көз жұмған. Екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы. Суық қару қолданды деген күдікпен 1995 жылғы азамат қазір тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу басталды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 99 бабы, 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іске қатысы бар күдікті 1995 жылғы Панфилов ауданының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - деді ІІД ресми өкілі Айман МЫРЗЕКОВА.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир