|
30.11.2017 | 16:40
1801

Қос аяғынан айырылған Екатерина Парафиева сотта жауап берді

Алматыда жол апаты салдарынан қос аяқсыз қалған Екатерина Парафиева сотта жауап берді. Өйткені, ол жақын күндері ота жасату үшін ауруханаға жататындықтан ары қарай процесстерге келе алмауы мүмкін. 32 жастағы келіншек қайғылы жайтта автобус пен Toyota Camry жүргізушілерін кінәлі санайтыныдығын айтты. Өйткені, көлігінің доңғалағы тесіліп, жол ортасында тұрғанда апаттық белгіні қоймақ болған соңғы сәті жақсы есінде сақталған. Ол кезде келіншек құйындай жүйіткіген тойотаны ғана көріпті. Ал, соттан ем-дом үшін 20 млн теңге өндіруге азаматтық арыз түсірген. Бұған жүргізушілер не деді?

Кезекті сот отырысы кезінде алдымен жол апаты орын алған күнгі бейне жазбалар қаралды. Оны қос аяқсыз қалған Екатерина Парафиева қарамауға тырысты. Өйткені, өмірін түбегейлі өзгерткен қас-қағым сәтті еске алғысы жоқ. Бірақ соған қарамастан келіншектің қорғаушысы көліктердің арасында қысылып қалған Катяның аяғын алғаш рет көпшілікке көрсетті. Автобус иесі, жүргізушісі және Toyota Camry-дің тақымдаған азаматтан бас-аяғы 20 млн теңге моральды шығын талап етіп отыр. Өйткені, осыған дейін спортпен айналысып жүрген келіншек бір-ақ сәтте 1-ші топ мүгедегі атанған.

«Қандай соммадағы ақша болса да менің аяғымды қайтармасы анық. Оны үш жақ бірлесіп өтеуі керек деп ойлаймын. Өздеріңіз, менің қандай қиындықты бастан кешіргенімді білесіздер. Ал, Toyota Camry-дің иесі неліктен берген жауаптарын әр кез өзгертетіндігі белгісіз. Сондықтан оның да бұл тұсын соттың есепке алуын сұраймын. Қалған шешімді қазының әділдігіне қалдырдым», - деді Екатерина ПАРАФИЕВА.

Судья мен прокурордың басын әбден қатырған атышулы істе тағы да куәгерлер шақыртылды. Өйткені, істің даулы тұстары көп. Есте болса, Toyota Camry-дің жүргізушісі бастапқы да жол апатына кінәлі саналған. Тек кейін аудандық прокуратураға шағым түсіріп, апаттың сызбасын қайта сыздыртқан. Тек ол екінші тарап автобус жүргізушісінің қатысуынсыз өтіпті. Сондықтан автобус тізгіншісі Дәурен Жаңабаев істе кінәм жоқ, дейді. Жәбірленуші тарап сұраған үлкен сомманы төлеуге жағдайының жоқтығын айтып отыр.

«Менің ондай шамам жоқ. Оны төлейтін жағдайым жоқ. Мен өзімнің шешем жоқ. Әкем кетіп қалған. Жетім баламын өзім. Оны төлейм деген менде жағдай жоқ. Сол себепті мен шырылдап жатырмын», - деді Дәурен ЖАҢАБАЕВ.

Жол апатына қатысы бар Toyota Camry-дің де өз шындығы бар. Ол да өзін кінәлі емес санайды. Сондықтан қос аяқсыз қалған келіншектің сұраған моральды шығынын өтеп бере алмаймын, дейді.

Даулы процесстің енді қай күні болатыны белгісіз. Келесі отырыста Toyota –ның шопыры Ұлан Әбдуәлиевтің түсірген шағымын қазы жіті тексермек.

Жадыра Омаржан, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир