|
03.10.2020 | 08:53
2385

Сумен жабдықтау және электр желілерін жаңарту – қала әкімінің тапсырмасы Медеу ауданында қалай орындалуда

Осы жобалардың барлығы іске асырылса, шамамен 2500 үйді 7 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етеді

Сумен жабдықтау және электр желілерін жаңарту  – қала әкімінің тапсырмасы Медеу ауданында қалай орындалуда стоп-кадр

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Алматы қаласы әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы-2050 Даму стратегиясына сәйкес 7 негізгі басымдықтарының бірі – Шетсіз қала. Осыған байланысты, біздің алдымызда Ақ қайың, Көлсай, Сұлусай, Алатау, Мұзтау, Думан шағын аудандары мен Каменское плато тұрғын үй алабын дамыту міндеті тұр», – деп хабарлады Ә. Масабаев.

Ол, Думан ықшам ауданыңда жалпы ұзындығы 37 км болатын сумен жабдықтау (18,5 км) және кәріз жүйелері (18 км) үшін инженерлік желілерді тарту бойынша жұмыстарының аяқталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Көлсай, Мұзтау ықшам аудандарында жалпы ұзындығы 14 км болатын сумен жабдықтау және кәріз жүйесі инженерлік желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2021 жылдың наурыз айы. Каменское платоықшам ауданында, су қоймасын салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 15,5 км болатын сумен жабдықтау және кәріз үшін инженерлік желілерді тарту 2021 жылдың 1 жартысында басталады деп жоспарланған.

Осы жобалардың барлығы іске асырылса, шамамен 2500 үйді 7 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ететіні аталып өтті.

Медеу ауданының бірқатар көшелерінде Электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін тарту, жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауданда қалалық басқармалар желісі бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде:

- Кіші Алматы өзенінің жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру («Республика сарайынан» Гоголь көшесіне дейін). 12 Жұмыстың аяқталуы 2021 жылға жоспарланған.

- Есентай (Жамақаев көшесінен субүріккішге дейін) өзен жағалауын қалпына келтіру. Жұмыстың аяқталуы 2021 жылға жоспарланған.

- Тіксай өзен арнасын қалпына келтіру. Жұмыстың аяқталуы 2022 жылға жоспарланған

Маңызды мәселелердің бірі, әрі қала әкімі тапсырмаларының бірі – ұялы байланыс пен интернетті жақсарту. Жыл басынан бері ауданынның 7 учаскесінде ұялы байланыс пен интернеттің сапасына қатысты мәселе туындаған.

Бүгінгі күні интернет және ұялы байланыс 4 бағытта жетілдірілді: Алатау ықшам ауданы және ондағы «Радуга», «Мичуринец» бағбандық қоғамдастықтары, Мұзтау (Бутаковка), Кенсай (ішінара) ықшам аудандарында қолданыстағы антенналарды жаңарту және қосымша базалық станцияларды орнату арқылы.

Сонымен бірге, операторлармен бірлесіп Кеңсай ықшам ауданында («Дружба») және «Экран» аумағында антенналар мен мұнара орнатуға арналған орындарды белгілеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – қазан айы. Сондай-ақ, «Beeline Қазақстан» компаниясы Көк-тобе ықшам ауданда орналасқан «Омарова» станциясына қосымша антенна орнату мәселесін қарастыруда. «Алматы телеком» компаниясы Көлсай аудандағы кабельдерді жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың қазан айы.

Сондай-ақ, А. Масабаевтың айтуынша, аудандағы барлық әлеуметтік нысандар әкімнің тапсырмасына сәйкес жылу жүйесіне қосылған. Сондай-ақ, аудандағы үйлердің 80%-ы жылуға қосылған, қалған үйлер бойынша жұмыс алдағы екі күн ішінде аяқталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир