|
18.05.2022 | 14:52
977

Алматыда «ҚазМУ қалашығына – 50 жыл» атты кітаптың тұсаукесері өтті

1972 жылы 19 сәуірде оқу орнының негізі қаланған

Алматыда «ҚазМУ қалашығына  – 50 жыл» атты кітаптың тұсаукесері өтті Almaty.tv

Алматыда «ҚазҰУ қалашығына 50 жыл» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайлы Almaty.tv тілшісі.

Жинақта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихына қатысты жарияланбаған деректер мен фотосуреттер басылып, естелік әңгімелер жазылған. Оқу ордасының алғашқы құрылысына қатысқан жұмысшылар, оған бастамашы болған Дінмұхамед Қонаев, Асқар Закарин, Өмірбек Жолдасбеков сынды белгілі азаматтардың еңбектері де қамтылған.

«1972 жылы 19 сәуірде алғаш осы қалашықтағы биология факультеті ғимаратының негізіне бетон қоспасы құйылған. Негізі бұл құрылыстың қарқынды дамуы 1974-80 жылдар аралығында болды. Қазір өзіміз көріп отырған ғимарат осы жылдар аралығында салынған», – деді ҚР прокуратурасының ардагері Әбиірбек Қонысбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир