|
30.06.2022 | 16:19
717

Осы бағдарлама іске асса, біраз дүние өз орнына келеді – Аягүл Миразова

Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады

Осы бағдарлама іске асса, біраз дүние өз орнына келеді – Аягүл Миразова

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Қазақстанның Еңбек Ері, ұстаз Аягүл Миразова  осы бағдарлама іске асса, біраз дүние өз орнына келетінін айтады,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қала әкімдігі өте  үлкен,  ауқымды, жан-жақты қамтылған «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала»  атты 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары көрсетілген жобаны ұсынып отыр. Терең ойланатын болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, ол үшін біраз жұмыс атқарылу керек. Осындай жобаның іске асуына қала тұрғындары  қуанып атсалысады деп ойлаймын», – деді Аягүл Миразова.

Оның айтуынша, қала әкімінің білім беру саласына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.

«Сапалы білім алу үшін, мектептің материалдық, техникалық жағдайы, сапалы ұстаздардың сапалық құрамы әрбір сыныпта отырған оқушылардың санына байланысты. Мектептегі ахуалға байланысты адамдар балаларын жақсы мектепке бергісі келеді. Сол мектептің басшысының іскерлігіне, ұстаздарына тікелей байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да қолжетімді сапалы мектеп болу үшін, осы жағына да қатты көңіл бөлу керек. Ал осы бағдарламадағы 2025 жылға дейін сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек дегенді  қуана-қуана қабылдаймыз. Бұл – өте дұрыс. Осы бағдарлама іске асса, біраз дүние өз орнына келеді», – деді ол.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир