|
04.06.2020 | 16:12
10160

Елбасының айтқан сөздері маған сенім ғана емес, үлкен жауапкершілік жүктеді – Абзал Мырзаш

Қазір алматылық вундеркинд үшінші курсты үздік бітіріп, төртінші курстың жарты бағдарламасын игеріп алған

Елбасының айтқан сөздері маған сенім ғана емес, үлкен жауапкершілік жүктеді – Абзал Мырзаш Almaty.tv

Еліміздегі ең жас студент Абзал Мырзаш әзірлеген ғылыми жоба бір минутта 1200 кітапты латын қарпіне аудара алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір алматылық вундеркинд үшінші курсты үздік бітіріп, төртінші курстың жарты бағдарламасын игеріп алған. Жас өнертапқыш ондаған ғылыми жоба әзірлеп қойыпты. Ісінің алға басуына  Елбасының қатысуымен өткен "Жастар жылы" атты форумы себеп болды дейді ол.

2019 жылдың 23 қаңтары алматылық вундеркинд Абзалдың есінде ерекше сақталып қалған. Оған «Жастар» форумына қатысып, Елбасымен кездесу сәті бұйырған еді. Мінберге шығып өзі туралы ақпармен бөліскен ол ақпараттық технология саласында жасаған жобаларын таныстырады.

«Сол кездесуде менің жас өнертапқыш ретінде ұсынған екі жобамды да ұнатқан Елбасы ІТ технологияны игеруіме, ғылымға ұмтылуыма, әрбір жаңа бастамаларыма мемлекеттің атсалысатынын айтты. Ол кісінің сол сөздері маған сенім ғана емес, үлкен жауапкершілік жүктеді», – деді ҚБТУ 3-курс студенті Абзал МЫРЗАШ.

Сол жиыннан үлкен сабақ алдым дейді жас дарын. Елдің кіл мықты жастары бас қосқан форум Абзалдың алға қойған мақсаттарын бағындыруға деген талабын еселей түсіпті.

«Сол кездесуде мен Елбасының жүзінің жылылығын, сөздерінің салмақтылығын, ойының ұшқырлығын және сөйлескенде өзін қарапайым ұстайтынын аңғардым. Әрбәр айтқан сөзімді, айтқан ұсынысымды Нұрсұлтан Әбішұлы ықыласпен тыңдағаны маған ерекше күш жігер берді», – деді ҚБТУ 3-курс студенті Абзал МЫРЗАШ.  

Қазір Абзалдың осы кездесуде айтылған екі жобасы латын қарпіне көшуде ұсынылған үздік он нұсқаның ішіне енген екен. Қазір бұл жобалар қарастырылып жатыр дейді Абзалдың ата-анасы.  

«Ата-ана ретінде осындай жастарға көбірек көңіл бөлінсе екен деп ойлаймын. Себебі бұл біздің еліміздің болашағы осы жастардың қолында. Ашылу салтанатындағы Абзалдың сөз сөйлегені бар, Абзал ерекше қуаттанып қайтқан еді форумнан», – деді Абзал Мырзаштың әкесі Дәуренбек НЫСАНОВ.

15 жастағы Абзал қазір үшінші курсты үздік бітірген. Жас дарынның алға қойған мақсаты көп. Технология ғылымына үлкен үлес қосамын деген оның бірнеше жобалары бар. Оның ішінде ғарыш кеңістігін тиімді қолдану туралы, нанороботтар шығару, ауыр шаруашылығына арналған дрондар сияқты жобалармен жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде вундеркинд төртінші курста оқылатын бағдарламаның жартысын игеріп алған. Бұйырса қысқа қарай АҚШ-тың белді оқу орындарының докторантурасына оқуға тапсыруды жоспарлап отыр.

Назкен Еркін, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир