Алматыдағы Ұлттық кітапханада Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғылыми зерттеу орталығы ашылды

Себебі мұнда әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 5000-нан астам еңбектері мен қолжазбалары сақталған

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғылыми зерттеу орталығы ашылды Almaty.tv

Мақсат – әлемге әйгілі ойшыл, матиматик, энциклопидист-ғалымның рухани мұрасын ұлықтау және көпшілікке кеңінен тарату. Салтанатты ашылу рәсіміне белгілі ғалымдар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шет елдердің Бас консул өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы Ұлттық кітапханада әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 5 мыңнан астам еңбектері мен қолжазбалары сақталған. Бүгінгі ашылған ғылыми-кешенге соның мыңнан астамы қойылды. Мұнда келген көпшілік оқырман, Әл-Фарабидің 3 тілде 100-ден астам трактаттарын таба алады. Өкініштісі сол, кітапханада ол еңбектердің тұпнұсқасы жоқ. Қазір оны елге алдыру мақсатында ғалымдар экспедициялық жұмыстар жүргізіп жатыр.  

«Әл-Фарабиді әлемнің Батыс аймағы да, Шығыс өкілдері де бірдей сылайды. Себебі, ол құрдымға кетіп бара жатқан ежелгі грек мәдениетін өзінің құнды еңбектері арқылы сақтап қалды. Ол еңбегін араб тіліне аударды. Солай парсы, грек тілдеріне аударылып таралып кете берді. Мұны  студенттеріміз бен оқушыларымыз білуі қажет», - деді Қазақстанның Халық жазушысы Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ.

Сөрелер әл-Фарабидің құнды кітаптарына толған, ол туралы естеліктер мен айтылып жатқан еңбектері, тіпті ғұламанныңбейнесіне енген актер де табылды. Көрініске қарап-ақ, әл-Фарабидің ортамызға өзі оралғандай ма дерсің. Шараға келген қоғам қайраткерлері орталықтың көпшілік үшін маңыздылығын атап өтті.

«Біздің университеттегі Әл-Фараби ғылыми орталығының мақсаты – көп еңбектерін қазақ, орыс  тілдеріне аудару. Себебі, оның көп еңбектері қазір шет мемлекетте жатыр. Фараби де, Абай да – өте ірі тұлға. Оны біз бренд ретінде әлемге танытуымыз керек. Әлемде мұндай адамдар кемде-кем. Сондықтан біз олардан айырылып қалмауымыз керек», - деді философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жақыпбек АЛТАЕВ.

Ұлттық кітапхана қызметкерлері ұлы ғалымның мерей тойына орай биылғы жылдың сәуір айында Санкт-Петербург қаласына барып, сол жақтағы ғалымның құнды дүниелермен танысып келеді. Ондағы мақсат – Әл-Фарабидің жұмыстарын екі жақтап қолдау, жас буындарға ұлы ғалымның әлем биік бағалаған еңбектерін көрсету.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир